Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ ПОЛИЦЕЙІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШЫМКЕНТ ПОЛИЦЕЙІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жас жігітті суицидтен аман алып қалған полиция майоры Медет Есенкулов Наурыз мерекесімен құттықтайды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Медет Есенкулов жас жігітті суицидтен аман алып қалған болатын. Еске салар болсақ, осыдан бір жыл бұрын, яғни 2020 жылы 16 наурызда Нұрсат мөлтекауданында орналасқан көп қабатты үйдің балкон терезесінен өз өміріне қол сұғуға әрекет жасаған тұрғынды құтқарғаны үшін ҚР ІІМ-нің бұйрығымен Қаратау аудандық Полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Есенкулов Медет Қанатұлын «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі» медаліне ие болған болатын.
Наурыз мерекесіне орай, полиция майоры Медет Есенкулов: «Қазақтың Жаңа жылы — Жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында біз полиция қызметкерлері уақытпен санаспай адал қызмет атқаруға әрқашанда дайынбыз. Осы сәтті пайдалана отырып, келіп жеткен Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» деп атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*