Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ МАЗАРАТТАР ҚОҚЫСТАРДАН ТАЗАРТЫЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ МАЗАРАТТАР ҚОҚЫСТАРДАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы аумағында орналасқан мазараттар мен зират орындарын күтіп-баптауға арналған «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ТІРІГЕ МІНДЕТ» атты республикалық тазалық шарасы өткізілді.
Тазалық шарасына қаладағы 92 мешіттің діни қызметкерлері мен ерікті 3574 азамат қатыстып, 37 мұсылман зираттарының аумағын күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, қураған ағаштар кесілді.
Жоғары деңгейде өткен шараға Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық және тазалық мекемесінің жүк тасмалдаушы бірлік техникаларымен қолдау көрсетті.
Қаламыздың көркеюіне үлес қосу, қоршаған ортамызды қоқыстан тазарту, тазалықты сақтау әрбіріміздің міндетіміз.
Сонымен бірге, осы күні Абай ауданы «Жасыл аймақ” апталығында белсенділік танытуда. Апталық аясында бүгін ауданда сенбілік өтті.

​Аудан аумағында ұйымдастырылған сенбілікке аудан тұрғындары, 10 кәсіпкерлік нысан, 8 әлеуметтік нысан, барлығы 1100 адам қатысты.
​Атап айтқанда, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Нұршуақ шагын аудандарындагы ішкі орамдық көшелер жане Әль-Фараби көшесінің жалғасы, Қ.Төлеметов көшелерінде, шөптер орылып, ағаштарды қырқу, жасыл желектерді ретке келтіру, шөп ору, сырлау, жуу жұмыстары жүргізілді.
​Осыған орай, 11 техника жұмылдырылып, 13 тонна қоқыс шығарылды.
Қаратау ауданында “Жасыл аймақ” апталығы қарқынды өтіп, бүгін сенбілікке жалғасты.
Аудан әкімі қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысқан сенбілікте 30 көп қабатты үйдің ауласында шөп ору, ағаштарды әктеу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары атқарылды. Одан бөлек, 3,3 шақырым ирригациялық арық жүйесі, 9,7 шақырым жол жиектері тазартылды.
-Туған қалаңның, оның көшелері мен гүлзарларының ұқыпты, таза болуы біздің әрқайсымызға байланысты, әрдайым қамқорлық танытуымыз қажет. Мұны ешқашан ұмытпауымыз керек, — дейді акцияға қатысушылар. Ауласының таза, жасыл желекті болғанына тұрғындар да дән риза.
Сенбілік жұмысына 1000-нан аса тұрғын, 8 техника жұмылдырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*