Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан ұландықтарды салтанатты түрде күтіп алды

Шымкентте БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан ұландықтарды салтанатты түрде күтіп алды

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Шымкент жедел бригадасының Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін жіберілген әскери қызметшілер тобы тұрақты орналасу пунктіне оралды.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттен 300-ден астам ұландық жиынтық құтқару жасағының құрамында үстіміздегі жылдың 13 сәуірінен бастап еліміздің батысында су тасқынының алдын алу бойынша тапсырмаларды орындаған болатын.
Әскери қызметшілердің келуіне орай 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында салтанатты іс-шара өтті, онда бригада басшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар, сондай-ақ қалалық әкімдік өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында бригада командирінің міндетін уақытша атқарушы полковник Төлеген Шыныбеков қатысып, Батыс Қазақстан облысынан Шымкент қаласына оралған жеке құрамға алғыс сөз сөйледі.
— “Бүгін біз еліміздің батыс өңірінде екі апта бойы су тасқынына қарсы жұмыстар атқарған әскери қызметшілерімізді қарсы алудамыз. Жеке өз атымнан және бригаданың жеке құрамының атынан Сіздерге міндеттерді орындау барысында көрсеткен еңбектеріңіз бен батылдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіргім келеді”, — деді Төлеген Өркінбекұлы.
Сондай-ақ, жеке құрамға Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев сөз сөйледі. Шымкент қаласы әкімдігі басшылығының атынан ол әскери қызметшілерге отансүйгіштігі мен Отанға деген адалдығы үшін ризашылығын білдіріп, атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.
Айта кету керек, жалпы алғанда, елдің батысында су тасқынын жою үшін құқықтық тәртіп әскерінің екі мыңға жуық офицері, сержанттары мен сарбаздары жұмылдырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*