Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Қарттарым — асыл қазынам

Қарттарым — асыл қазынам

Шымкент қалалық мәдениет үйі «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де концерт қойды.  Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, өнерпаздарға өз ризашылықтарын жаудырды. Өнер майталмандары дайындаған концерттік бағдарламаға 70 -ке жуық қария қатысты.
Көктемнің шуақты күндерінің бірін көтеркі көңіл күйде өткізуді мақсат еткен өнер ұжымы дәстүрлі халық әндерін әуелете шырқады. Мәдениет майталмандары алда келе жатқан 1-мамыр бірлік күнімен құттықтап қана қоймай, арнайы кеш ұйымдастыруды ұйғарған.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қарттарды ардақтау, қамқорлық көрсету – құрметті іс. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – мереке қарсаңында қарттарға  құрмет көрсетіп, оларды назардан тыс қалдырмау. Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда біздің қамқорлығымызға мұқтаж жандар бар екенін олардың естеріне салу, қазыналы қарттарымызды  бағалау керек екенін насихаттау.«Шымкент қалалық мәдениет үйі мереке қарсаңында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы емделушілерге концерт қойдық. Қазіргі таңда «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында көптеген жиындар ұйымдастырылуда. Біздегі мақсат қариялардың көңілін көтеру. Келер ұрпақты үлкенді құрметтеуге, ізет көрсетуге дәріптеу,- дейді ұйымдастырушылар.

Бұл концертте өнерпаздар қазаққа белгілі Ш. Қалдаяқов, Халық әндерін, замануи композиторлардың танымал шығармаларын орындады.
Шымкент қаласындағы Тұран ауданында орналасқан №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жауапты мамандары мәдениет ұжымына барша ардагерлер атынан рахмет айтып, алғыс білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*