Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ҰЛАНДЫҚТАР 1 МАМЫР – ХАЛЫҚТАР БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЙЫСҚА ТҮСТІ

ҰЛАНДЫҚТАР 1 МАМЫР – ХАЛЫҚТАР БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкенттегі Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде 1 мамыр халықтар бірлігі күні мерекесіне орай жауынгерлер арасында әртүрлі ұлттың өнері мен дәстүрлерін насихаттау бойынша сайыс өтті.
Сайысқа өзбек, қырғыз, орыс, түрік ұлтының өкілдері қатысып, сәлемдесу, ұлт өнерін көрсету, салт-дәстүрін таныстырудан сайысқа түсті.
Бәйгеде барын салған жауынгерлерімізге бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Утенов Арман Калмұратұлы бастаған әділқазы алқасы баға берді.
Мақсат —  Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, бір тудың астында әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтау. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Мерекелік шараға Шымкент қалалық “Қоғамдық келісім” ұйымы грек этномәдени орталығының басшысы Папуциди Елена Владимировна мен этномәдени орталықтың өнерпаздары да қатысты.
Бабы мен бағы қатар шауып алға шыққан 1 атқыштар ротасының жауынгерлері өзбек ұлтының өнерін ортаға салып бас жүлдені иеленсе, орыс мәдениетін насихаттаған 4 жеке атқыштар ротасы 2 орынды қанжығасына байлады. “Ең әдемі ұлттық киім” номинациясын түрік ұлтының өкілдері 2 атқыштар ротасы иеленсе, 3 атқыштар ротасының қырғыз әнін орындаған қатардағы жауынгері Есімов Дәулеткерей “Үздік ән орындаушы” номинациясын жеңіп алды.
Қызықты сайыс грек этномәдени орталығы өнерпаздарының мерекелік концертімен аяқталды.
Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» — денег ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*