Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Мәдениет тынысы: атаулы даталар кең көлемде атап өтіледі

Мәдениет тынысы: атаулы даталар кең көлемде атап өтіледі

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді.
2024 жылы қала аумағында ауқымды 47 ресми, көпшілік, мәдени іс-шара өткізу жоспарланған.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында оның 10 ресми, мәдени көпшілік іс-шарасы өткізіліп, 15 730 көрерменді қамтыды.
Басқармаға қарасты өнер мекемелерінде 1471 іс-шара өткізіліп, 782 389 келуші тартылған. 21 қаңтар «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл «Fashion show by QAZINA» дефилесі, 9 ақпан М. Мақатаевтың туғанына «Жазылар естеліктер мен туралы» поэзиялық кеші, 27 ақпан жазушы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлының 65 жылдығына арналған «Оңтүстік тарихынан сыр» шығармашылық кеші, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Тірегі тіршіліктің – Ару Ана» салтанатты іс-шарасынан бастау алып, Наурыз мейрамы 10 күн бойы тойланды.
Биыл мамыр айына жоспарланған мерекелер мен атаулы күндерге арналған іс-шараларды өткізу еліміздің өңірлерінде орын алған алапат тасқан мен су басу салдарынан туындаған күрделі әлеуметтік және экономикалық ахуалды ескере отырып, Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне, Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шараларды қарапайым форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, мәдениет мекемелерінде көрме, тарихи сағаттар және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен әскери-патриоттық тақырыптағы өлеңдер челленджі ұйымдастырылса, Жеңіс күнінде «Даңқ» мемориал кешенінде гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілетін болады.
Осы жылы өткізілетін іс-шаралардың ішіндегі ауқымдыларына тоқталып өтетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берілген сұқбатына сәйкес, атаулы даталар бойынша бірқатар іс-шараларды кең көлемде атап өту жоспарға енгізілді. Атап айтсақ: Жошы ұлысы іргесінің қаланғанына 800 жыл, қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы, жазушы Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, әйгілі ғалым Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы, халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың және қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жылдығын жыл соңына дейін өткізу көзделген.
Атаулы даталардан бөлек, қаламызда рухани мәдени құндылықтардың ордасы — мәдениет мекемелерінің мерейтойларын атап өтуге бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілуде.
— А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының 125 жылдығы;
— Оңтүстік өңіріндегі тұңғыш құрылған театрдың бірі — Жұмат Шанин атындағы Қазақ академиялық драма театрының 90 жылдығы;
— Көпшілік орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 70 жылдығы;
— Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының 55 жылдығы;
— Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жылдығы;
— Әл-Фараби ғылыми әмбебап кітапханасының 10 жылдығы;
— Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының 10 жылдығы аталып өтпек.
Сондай-ақ маусым айында, Өзбекстан мемлекеттік архивтерінің Қазақстандағы күндері аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*