Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » 1 МАМЫРДАН БАСТАП ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫНДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ

1 МАМЫРДАН БАСТАП ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫНДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сай және тұрғындардың өтініші бойынша қоғамдық көлік бағыттарына 1 мамырдан бастап өзгеріс енгізіледі.
Атап айтқанда, Бозарық шағын ауданына қатынайтын №9 бағытына жолаушы ағынының артуына байланысты жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, қосымша 2 кесте қосылды. Яғни, енді 10 автобус 23 минуттық интервалмен жүреді.
Сонымен қатар, №30 автобус маршруты Әмір Темір көшесінің өтініші бойынша сызбасы ұзартылады.
№60 автобус маршрутының сызбасы Талдыкөл көшесі арқылы ұйымдастырылады.
№147 автобус маршрутының сызбасына өзгеріс енгізіліп, Ақтас-2 тұрғын алабы толық қамтылды.
Ал, №20 автобус маршрутының сызбасы Достық шағын ауданынан Сырым батыр көшесіндегі №59 мектепке дейін өзгертілді.
№139 автобус маршрутының сызбасы Омарташы көшесіне дейін ұзартылды
№21 автобус маршрутының сызбасы Орталық стадионға дейін өзгертілді.
Тұрғындардың өтініші бойынша кейбір автобустарға кесте қосылып, интервал азайды. Атап айтқанда;
№15 автобус маршруты Айқап шағын ауданы арқылы ұйымдастырылып, 2 кесте қосылды. Енді 9 автобус 14 минуттық интервалмен қатынайды.
Ал, №171 және №171А бағытындағы қоғамдық көліктер-10 кесте, 14 минуттық интервал.
№19 автобус маршруты- 10 кестемен 15 минуттық интервал.
№34 автобус маршрутына 2 автобус қосылды. 14 кестемен 9 минуттық интервал.
№96 автобус маршрутының сызбасы «Көмешбұлақ» аялдамасына дейін өзгертілді. 14 кесте 12 минуттық жиілік.
№102 автобус маршрутына 1 автобус қосылды. 9 кесте 12 минуттық жиілік.
№146 автобус маршрутының сызбасы «Жаңа Шаһар» аялдамасына дейін өзгертілді. 8 кесте 19 минуттық жиілік.
№191 автобус маршрутына 1 автобус қосылды. 8 кесте 13 минуттық жиілікпен қатынайды.
Бұдан бөлек, ертеңнен бастап бірқатар санаттағы азаматтар автобуста тегін қатынайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*