Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Тілешұлы бастаған зиялы қауым өкілдері Ұлы Отан соғысының каһармандарының рухына тағзым етіп, монументке гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осындай шаралар аудан аумағындағы білім беру орындарында жалғасып, жас буын өкілдері де қан майданда ерлік көрсеткен, соғыстың зардабын татып, өмірден өткен жауынгерлердің рухына тағзым етуде.
© Jetpisbai.kz