Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ғимараттарының құрылысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар нысандарды инженерлік коммуникациялармен қамту, абаттандыру жайын, сондай-ақ құрылысты салу және пайдалануға беру мерзімдерін егжей-тегжейлі пысықтады. Сонымен қатар, нысандарды салу кезінде қаланың жергілікті кәсіпорындарының, атап айтқанда, жиһаз фабрикаларының өнімдерін пайдалану қажеттілігі айтылды.
Жобаны іске асыру қала басшысының тікелей бақылауында. Мәжіліс қорытындысы бойынша қала басшысы құрылысты сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша жауаптыларға нақты тапсырма берді. Мектептерді заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету және жайлы мектептерге білікті мамандарды даярлау мәселелерін шешуді тапсырды.

Соынмен бірге, бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков алдын ала жазылған азаматтарды қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Мәселелердің басым бөлігі тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, білім, жер телімін заңдастыру бағыттарын қамтыды. Сонымен қатар қабылдауға кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар да келіп, жаңа жобалары мен бастамаларын ұсынды. Қала басшысы әлеуметтік маңызы бар ұсыныстармен келген тұрғындарға алғыс айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 200 тұрғынның арыз-шағымын тыңдады. Ғабит Сыздықбеков азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ жауаптыларға кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді шешуде халықтың пікірін, талап-тілегін ескеруді тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*