Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ КЕШЕН АШЫЛМАҚ

ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ КЕШЕН АШЫЛМАҚ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының Спорт және дене шынықтыру басқармасының 2024 жылғы 1 тоқсандағы жұмысы туралы» баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы қаладағы басқарма жұмысының жайын баяндады. Спикердің айтуынша, қалада №12 спорт мектебінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталған. Оның құрылысына бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралған.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында бой көтерген «ЕЛАМАН» спорт кешенін пайдалануға берілу жоспарлануда. Аталған спорт кешенінде спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейн орналасқан. Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, басқарма басышының сөзіне сәйкес, Шымкент қаласында бүгінде 33 спорттық ұйым жұмыс істеп жатыр. Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі қамтылған.

Атап айтқанда: 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері бар.

Сондай-ақ, 18 490 спортшымен оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. нықтар айтқанда, олимпиадылық спорт түрімен – 12481, қысқы спорт — 338, олимпиадалық емес – 4008, ұлттық спорт түрі – 1322, мүгедектігі бар спортшылар – 341 (пара-72, сурдо-153) айналысады.

Сондай-ақ штаттағы 912 жаттықтырушы жұмыс істейді, олардың 638 олимпиадалық спорт түрі болса, 69 – ұлттық, 182- олимпиадалық емес және мүгедектігі бар — 23 жатықтырушы жұмыс істейді. 2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылған.

Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 109 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 17 түрінен 195 секцияда 12 024 бала спортпен айналысуда. Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқа да қызметкерлер жалпы саны 523 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отырғанын айтты басқарма басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*