Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

«Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шаралар тиісті деңгейде уақтылы және сапалы орындалуы аса жауапкершілікті қажет етеді. Осы орайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Шымкент қаласындағы шаралар жалғасуда. Құзырлы департамент жанынан құрылған мобильді топ «Mega Planet» сауда орталығында қала тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетті.
Адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің қатысуымен өткен жиында кеңес сұраған халықтың саны көп.
Іс-шараның мақсаты да осы еді. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады, Халықтың сенімін сақтау біз үшін өте маңызды.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Кез келген азамат жауапты мамандардан қажетті құқықтық көмек ала алады.

Құқықтық түсіндіруді мақсат еткен шараның маңызы зор бүгінде. Десе де, бұл шараның бірқатар артықшылықтары да бар. Біріншіден, құқықтық сауаттылықты дәріптеу. Екіншіден, түрлі санаттағы халықтың пікірін тыңдап, заңнамалық сипаттағы сұрақтарға жауап беру, бірлесіп шешу. Халықты мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен еркін тілдесуге мүмкіндік қарастыру. Айтып өткен жөн, бүгінгі жағымды ди­алог конструктивті форматта өткізілді. Барлық сауалдарға жа­уап беріліп, халық тарапынан айтылған ұсыныстарға жан-жақты мән берілді.

Алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табады деген ұйымдастырушылар, бұл кеңес берумен ғана шектелмейтінін айтты.  Тұрғындардың салауы бойынша орын алған мәселеде оң нәтижеге қол жеткізгенге дейін жұмыс барысы жалғаспақ. Ал бұл өз кезегінде әрбір қала тұрғынының құқықтық сауаттылығын арттырады деген сенім бар.
Айта кету керек, бұндай шаралар жыл басынан бері екінші рет ұйымдастырылған. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізу жоспарланбақ.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*