Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

«МӨЛДІР БҰЛАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

Қошқар ата өзені — қала ортасындағы жер астынан бастау алатын бұлақ суы, ол Бадам өзеніне құйылады.
2010 жылдан бастап бұл өзен қорғалатын табиғи аумақ болып саналады. Бүгінде өзен бастауынан Ордабасы алаңына дейін ірі қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 1,5 шақырымға жуық жер қала тұрғындары мен қонақтары үшін серуендеуге арналған орын пайда болды.

Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінен 100 текше метрге жуық қоқыс шығарылды. Өзеннің қаладағы Республика даңғылының бойы мен Ордабасы алаңы арқылы өтетін аумағы тазаланды. Тұрмыстық қоқыс пен табиғи қалдықтардан тазалау жұмыстарына арнайы техника, 10 адамнан құралған 2 бригада жұмылдырылды. Жалпы Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы Қошқар ата өзенін тазалау жұмысын күнделікті кестеге сәйкес жүргізуде.

Айта кетейік, судың бір ғажабы — жыл бойы температурасы бір қалыпта, яғни, +11 градус болып сақталып тұрады. Құрамында фтор, кальций, магний элементтері болғандықтан Қошқар ата өзенінің суы шипалы болып саналады. Көп адамдар дұға оқуға, су толтырып алуға, шомылуға келеді. Еліміз бойынша жүріп жатқан экоакция аясындағы «Мөлдір бұлақ» апталығына орай Қошқар ата өзенінің маңайына тазалық жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарынан өзенге қоқыс тастамай, таза ұстауын сұрайды.

Еске салсақ, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлестерін қосуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды.

Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелген еді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*