Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЧЕЛЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЧЕЛЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Түлектердің ағаш отырғызу» челленджінің басталғанына біраз уақыт болды. Жалпы, мектеп бітірушілердің білім ұясынан қоштасар кезде ағаш отырғызуы дәстүрге айналған болатын.
Биыл да осы дәстүр Шымкент қаласының көптеген мектептерінде жалғасын тапты.
Солардың бірі Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде ағаш отырғызу рәсімі өтті. Мектеп бітірушілер 30 — ға жуық желек отырғызды.
Мектеп бітірушілер «Тазалық акциясына жылда белсенді қатысып, білім алып жатқан мектебімізді таза ұстауға дағдыланғанбыз. Биылғы «Таза Қазақстан» экоакциясы басталғалы түрлі атаулы апталардың бәріне бір кісідей қатысып, тазалық жұмысына үлесімізді қостық»-дейді.
Бүгінгі өткен тазалық апталығында да «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ қызметкерлері мен «Жер елшілері» тобы және №36 ЖОББМ мұғалімдері мен мектеп бітіруші түлектері өздерінің білім ұясының ауласы тазаланып, әктеу, сырлау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
«Бізді мектеп әрқашан бірінші сыныптан бастап тәртіпті, қоршаған ортаны қорғауды және табиғатқа дұрыс көзқарасты үйретті. Сондықтан біз экологиялық акциялара жиі қатысамыз. Біздіңше барлық адамдар, жасына қарамастан, адамгершілік нормаларын, тазалыққа, айнала қоршаған ортаға құрметпен қарағандары жөн, сонда табиғат та бізге жағымды болады», – дейді мектеп бітірушілер.
Сонымен бірге, елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бүгін бесінші аптасы. Осы уақыт аралығында акция «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» экологиялық апталарға бөлінген болатын. Әр апталық барысында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері бекітіліп берілген аумақтарды тазартты. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды. Көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынды. Ардагерлер үйінің ауласы мен қарттар үйінің аумақтарын тазартылып, абаттандырылды.
Енді бесінші «Мөлдір бұлақ» апталығы бойынша өзендер мен көлдердің маңайы, жағалауы, су арналары қоқыстардан тазартылады.
Айта кету керек, Шымкентің аумағында Бадам, Қошқар ата және Сайрам-су өзендері мен 30-дан астам канал бар.
Жалпы, Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*