Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАСӨСПІРІМ ТАБЫЛЫП, АНАСЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

ЖАСӨСПІРІМ ТАБЫЛЫП, АНАСЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

Шымкенттік полицейлер 6 сағаттан бері үйіне оралмаған жасөспірімді тауып, анасына тапсырды.
Ағымдағы жылы 18 наурыз күні 18:00 шамасында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция пунктіне кәмелетке толмаған қызының үйінен шығып қайта оралмағанын туралы қала тұрғыны хабарлаған. Полицейлер дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, аумақты шолуды бастаған. Нәтижесінде сағат 23:00 шамасында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювенальдық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Саттар Байсейітов тұрғын үйлердің бірінің ауласында жүрген жасөспірімді тауып, анасына табыстады. Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері баланың анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Табылған баланың ата-анасы Шымкент қаласы Полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*