Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасын іске асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынды. Бұл Жобаны Шымкент қаласы білім басқармасы тарапынан нақты қадамдар арқылы іске асырып, өз тәжірибесін республика көлемінде бөлісті.
Жалпы Шымкент қаласында 184 мектепте 184 кітапхана бар. Осы білім беру мекемелерінде 226 679 оқушы білім алуда. 254 кітапханашы қызмет атқарады. Оқырмандар саны — 98 893, кітапханаға келушілер саны — 563 352.
1 811 964 негізгі көркем әдебиет қоры, ал оқулықтар саны — 6 168 593. Әр оқушыға 8 көркем әдебиет тиесілі болып отыр.
Шымкент қаласы білім басқармасы осы жобаны іске асыру үшін іс-шара жоспарын келесідегідей қадамдар арқылы жоспарлады:
1. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі тәжірибесін негізге ала отырып, жүйелендіру;
2. «Білім-Инновация» лицейлері тәжірибесіндегі «Кітап оқу жүйесі» жобасы аясында іске асыру.
3. Оқу мәдениетін қалыптастырудағы зерттеулер жүргізе отырып, оқу сауаттылығын дамыту.
Осы бағыттарда бірқатар шаралар атқарылып, нәтижелі қадамдарды іске асыру қолға алынып, #оқуғақұштармектеп_шымкент хэштегі арқылы әлеуметтік желілерге жүктелініп, нәтижесінде әр мектептегі кітапхана жұмысы ғана емес, түгелдей мектеп әкімшілігі, педагогтер, ата-аналар, оқушылар т.б. тиісті тұлғалардың оқуға құштарлығы мен қызығушылығы арта түскендігі әлеуметтік желілер арқылы берілген кері байланыстардан да аңғаруға болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*