Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » САУРАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САУРАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы Ә.Байтанаев, Ш.Уәлиханов, Ергөбек мектептерінде өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Күн тәртібінде мектеп оқушылары арындағы құықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, сабақтан тыс уақытта уақытын тиімді пайдалану, әлімжеттік мәселелірінінің алдын алу сынды тақырыптары қозғалды.

Жиын барысында алдымен білім беру ұйымдарының басшылықтарының 2024 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Одан әрі аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахмет Арын жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жай-күйі туралы баяндама жасады. Мұнан соң аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Талғат Меңлібаев баяндама жасады.

Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында әр түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуды ұйымдастыру мәселелерінде туындаған қиындықтарды жан-жақты талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында комиссия төрағасы Айдос Құлмаханұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет-қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан   мектептердеіс-шаралар  атқарылады. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітіледі.

Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырады. «Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді.

Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандардың қылмысын ерте алдын алудың негізгі құралы құқықтық сананы дұрыс тәрбиелеу және қолайсыз отбасын декриминализациялау, бұған құқықтық нормаларды жетілдіру және балаларды тәрбиелеудегі азаматтардың жауапкершілігін арттыру шаралары енеді.

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:

Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді.

Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады.

Көше. Отбасында және мектепте қолдау мен көңіл бөлінбей өскен кәмелетке толмаған адам қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыра алатын басқа ортаны іздейді. Жас-өспірім, әдетте, көшеде қарым-қатынастың жетіспеушілігін толтыруға тырысады. Егер мұнда ол «жаман» әсерге ұшыраса, онда оның қалыптасуы теріс болуы мүмкін. Әдетте, мұндай жасөспірімдердің тұрақты қызығушылықтары жоқ, спорттық және басқа үйірмелер мен секцияларға қатыспайды, мақсатсыз уақытты өткізуге мәжбүр болады.

Оң нәтиже тек отбасының, мектептің және сыртқы демалыс және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың бірлескен және үйлесімді жұмысымен мүмкін болады. Сондай-ақ, аудан бойынша кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты болдырмау, заңды мүдделерін қорғау мақсатында полиция бөлімі, жұмыспен қамту бөлімі, білім бөлімі, денсаулық сақтау және де өзге өкілдерді біріктіретін аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*