Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » КЕЛЕС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Өңір аумағындағы жалпы орта білім беретін мектептердегі кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған жұмыстар туралы өткен комиссия отырысына аудандық полиция бөлімі,аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары қорғау жөніндегі комиссия мүшелері және Келес ауданының білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша «Абай» Келес аудандық ауруханасының бас дәрігері Сауле Исахова, аудандық ПБ кәмелетке толмағандар бойынша аға инспекторы Болат Құрманқұлов пен Ошақты және Жүзімдік ауылдық округтерінің әкімдері мен аудандағы білім ошақтарының директорлары баяндама жасады.
Көтерілген өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары, аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Даурен Нұрланұлы тарапынан жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Сонымен бірге, Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі комиссияның І тоқсанға арналған отырысы болып өтті. Мәжіліске аудандық дербес бөлім және құқық қорғау органдарының басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі жайлы Келес аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі баяндама жасады.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аталған мәселелер жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуы бақылауда болатындығы атап өтілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*