Ішкі істер министрілгінің бастамасымен елімізде 10 күндік «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Келес ауданында 10 мамырдан басталған жедел-профилактикалық іс-шара барасында жол ережесін бұзған 82 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Келес АПБ ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі Нұржас Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
– «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты — жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау болып табылады. Іс-шараның алғашқы күнінде Қоғамдық орын мен көшелерде масаң күйде жүрген 6 азаматқа хаттама толтырылды. Бір жасөспірімнің автокөлік басқарғаны анықталып, көлігі әкімшілік айыптұраққа қойылды. Оның ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарды ластаған 12 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды, — деді полиция подполковнигі Нұржас Асанов.
Айта кетейік, заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.