Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Асанов Бахыт Насырханұлы төрағалық етіп, Мәжіліске Мақтаарал ауданының прокуратурасы, Мақтаарал ауданының полиция бөлімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мақтаарал аудандық бөлімінің, «Мақтаарал аудандық ветеринариялық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның филиалының, Түркістан облысы бойынша Ветеринариалық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы, Мақтаарал аудандық инспекциясының басшысы, Мақтаарал ауданы әкімдігінің бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округі әкімдері қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Күн тәртібінде 4 мәселе талқыланды:

Бірінші мәселе — аудандық кәсіпкерлік және ауылшарушылық бөлімі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы.

Екінші мәселе — аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан ұзаққа созылған құрылыс нысандары туралы, инфрақұрылым бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде атқарылған жұмыстары туралы.

Үшінші мәселе — Мырзакент кенті әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы.

Төртінші мәселе — Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы.

Мәжілісте Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшыларының, Мырзакент кенті әкімі мен Жаңажол ауылдық округі әкімдерінің сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы аталған өңірдің бөлім басшыларымен әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ұсыныстар беріліп, мәселелер көтерілді.

Мәжіліс отырысында аудан басшысы елге адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтіп, Комиссия отырысының қорытындысымен: жауапты бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, жолын кесу және алдын алуға бағытталған қолданыстағы заңдарды, ережелер мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге нақты тапсырмалар берілді.

 

Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сәйкес жұмыскерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар да жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жиын барысында бұл тақырыпта кеңінен талқыланды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілік туралы түсіндірме, сауалнама жұмыстары жиі жүргізіліп отырады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдепсіздік әрекеттері орын алып жататын болса, арнайы сымтетік арқылы хабарласуға немесе күнделікті әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдауына келуге болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар Әдеп кодексі арқылы жоғарылай бастады. Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен тұрады.

Мінез-құлықтың жалпы стандарттарына келетін болсақ мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық және тағы да басқа қағидаларын сақтауға тиістілігін бекіткен.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Осы жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар басты мәселелердің бірі басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиістілігі көрсетілген.

Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс.

Әдеп кодексінің басты міндеті-сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*