Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Осыған байланысты Мақтаарал ауданында аудан әкімдігі және аудандық прокуратураның ұйымдастырумен «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және синтетикалық есірткі затының салдары» тақырыбында мекемеаралық мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, ауданы прокурорының орынбасары Д.Зулпыхаров, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Нұр-Мубарак» мешітінің имамы Н.Рысмағанбетов және Түркістан облысы Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Шаймерден қатысып, аудандық АТТ мүшелеріне, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, ата-аналарға қазіргі уақытта бала өмірінің жауапкершілігі, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, таралу себептерін бүгінгі күнмен байланыстыра отырып ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру — мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды іс. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді» — деді, аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова.
Сонымен бірге, аудан тұрғындары арасында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жқмыстар ыжүргізілуде.
Бүгін Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Ғ.Жумадиловтың қатысуымен «Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы білім беру мектебінің» оқушылары және ұстаздарына алкогольді ішімдік ішуге қарсы мәдениетті қалыптастыру, лудомания, интернет алаяқтық, есірткіге қарсы тақырыптарда семинар өтті. Жиын барысында Ғ.Жумадилов белгіленбеген орындарда суға шомылудың салдарын айтып, төтенше жағдайларды болдырмау туралы түсіндірді. Жиын соңында мектеп оқушыларды және ұстаздарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріліп, айтылған ұсыныстарды орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылатындығы түсіндірілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*