Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » КЕНТАУЛЫҚТАР «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСТА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

КЕНТАУЛЫҚТАР «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСТА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлына 100 жыл толуын мерекелеу аясында Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Төлеби ауданындағы «Бәйшешек» жазғы сауықтыру легерінде «Айбын – 2024» облыстық әскери-патриоттық жиынына іріктеу сайысы өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Жарыстың ашылуына Түркістан облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев, облыстық білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» өкілдері, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі мен жергілікті соғыс ардагерлері қатысып, жас сарбаздарға сәттілік тілеп жылы лебіздерін білдірді.
Жалпы жарысқа аудан, қалалардан барлығы 17 командадан құралған 255 жасөспірім қатысты. Белтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтық ату, АК-74-ті жартылай шашу мен жинау, жамылғы түріндегі жалпы әскери қорғаныс киімін кию сынды жарыс түрлерінен бақ сынады.
«Айбын» облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы бойынша кентаулықтар 2 орынды жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.
Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары маусым айында Құрлық әскерлерінің әскери институтының базасында өткізілетін халықаралық кезеңге жол тартады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*