Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » Бәйдібекте кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды

Бәйдібекте кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды

Бәйдібек ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен білім мекемелерінде жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижелері мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында кеңейтілген тәртіпте мекемеаралық мәжіліс өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шара Мемлекет Басшысының, Бас прокуратура мен облыс прокуратураларының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылды.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық орталық аурухана, полиция, төтенше жағдайлар және білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары мен орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде прокуратураның тексеру нәтижесімен кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы жергілікті атқарушы органның, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының, аудандық білім бөлімі мен мектептердің жұмыстарының тиісті деңгейде еместігі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, мектептерде балаларды ыстық тамақпен, алғашқы медициналық көмек және қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету, тасымалдауды ұйымдастыру, сабақ кестелерін бекіту, мектеп алдындағы жол белгілерін орнату, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан көрінген 270-тен астам заң бұзушылықтардың анықталғаны және оларды жою мақсатында енгізілген 30 қадағалау актілерінің орындалу барысы, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық профилактикалық шараларын жаңдандыру, олардың арасындағы қылмыстар мен оларға қатысты жасалған қылмыстар, ерте жүктілік, суицид, буллинг деректерінің алдын алу мәселелері қаралды.
Бүгінгі таңда, заң бұзушылықтарға жол берген 75 лауазымды тұлғалар әкімшілік, 125 тұлғалар тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды, 22 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй кезегіне қойылып, мектептердің алдына жол белгілерін орнату және алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі мен санитарлық кемшіліктер бойынша жұмыстар жалғасуда. Аудан прокуратурасымен жалпы 13130 кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүзеге асырылуда.
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан   мектептерде  іс-шаралар  атқарылады. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітіледі. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырады. «Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандардың қылмысын ерте алдын алудың негізгі құралы құқықтық сананы дұрыс тәрбиелеу және қолайсыз отбасын декриминализациялау, бұған құқықтық нормаларды жетілдіру және балаларды тәрбиелеудегі азаматтардың жауапкершілігін арттыру шаралары енеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*