Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ҚОЛ ҰШЫН СОЗДЫ

МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ҚОЛ ҰШЫН СОЗДЫ

Шымкент қаласы, Абай ауданының полицейлері мереке қарсаңында аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті, деп жазады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.
Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері көп балалы отбасыларға азық — түлік таратып, өз көмектерін көрсетуді дәстүрге айналдырған.
Бұл жолы Абай ауданы Полиция басқармасының жеке құрамы Ұлыстың ұлы күні — 22 Наурыз мерекесіне орай Құрсай мөлтек ауданының тұрғыны төрт баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға қайырымдылық көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары отбасын азық — түлікпен және бірінші қажеттілік заттарымен қамтамасыз етті.
Шымкенттің тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым мұқтаж жандарға көмекке келуге дайын.
Полиция қызметкерлерінің мұндай қайырылымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Қол ұшын созған полицейлерге көп балалы отбасының отағасы наурыз мерекесімен құттықтап, мерекелік тілек айтып өзінің алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*