Шардара ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өткізілді.
Мәжіліске аудандық адами әлеуетті дамыту, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жауапты басшылары мамандары, мектеп директорлары, жауапты педагогикалық қызметкерлері, құқық қорғау орган қызметкерлері қатысты.
Жиында күн тәртібіндегі өзекті мәселе қозғалды. Атап айтқанда Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің окушылары мен құқық қорғау органы өкілдерінің қатысумен құқықтық сабақтарын өткізу және қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу туралы, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың отбасымен жұмысы және аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қабылдаған хаттамалық шешімдерінің орындалу туралы жұмыстар сараланды. Сондай-ақ, комиссия төрағасы Б.Шомпиев әр мәселе бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, жуырда Ұзын ата ауылдық округі әкімі аппаратының кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда атқарған жұмыстары туралы, бала еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алуда аудандық білім бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны М.Дүйсеновтің өзіне жүктелген міндеттері туралы мәселелер қаралған болатын.
Аталған жиында Ұзын ата ауылының әкімі Ғ.Есімханов хабарлама жасады. Хабарламашы өз сөзінде ауылдық округтегі 18 жасқа дейінгі 1672 жасөспірімнің бақылауда екендігін жеткізді. Сонымен бірге жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болуын қадағалау, діни экстремизмнің алдын алу, патриоттық рухта тәрбиелеу барысында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.