Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ЖОБАСЫ — ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ЖОБАСЫ — ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, облыстық, жергілікті прокуратура, департамент, басқарма қызметкерлерінің, заңгерлер мен адвокаттардың қатысуымен тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша Төлеби ауданы Бірінші Мамыр елді мекенінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Қоғамдық қабылдауға аудан әкімі Төлеген Телғараев бастаған дербес бөлім басшылары барып, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жайылымдық жер, мобильді интернет желісі, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», жастарды жұмыспен қамту, ауыз су, түнгі жарық, аяқ жолдар, автокөлік жолдарына қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, қабылдауға келушілер интернет алаяқтық, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелеріне қатысты заңгерлерден құқықтық кеңес сұрап, ажырасу, алимент өндіру, әкелік құқығын растауға қатысты адвокаттардың көмегіне жүгінді. Ауыл шаруашылығына қатысты шаруалар туындаған сұрақтарын қойып, ағын су, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысты толыққанды жауап алды.
Қабылдау барысында аудан тұрғындарына арнайы құқықтық көмек көрсетіліп, жиналғандар әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталатынына көз жетізді.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың өтініштері, көтерген мәселелері негізінде хаттама түзіліп, оның орындалуы партияның және аудан әкімінің тікелей бақылауында болады. «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткізілген қоғамдық қабылдауда тұрғындарға ҚР қолданыстағы заңдары аясында түсінік беріліп, мәселелері заң тұрғысынан қолдау табатыны жеткізілді.
«Amanat»-партиясының Түркістан облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбеталиев аудандық партияның атқарған жұмысы, партиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*