Шымкенттік полицейлер 8 балалы жанұяға көмек көрсетті. Наурыз мерекесі қарсаңында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының полицейлері көп балалы отбасыға көмек қолын созды. Еңбекші ауданының тұрғыны 8 баланы тәрбиелеп отырған отбасы. Балалары 2003, 2005, 2007, 2009, 2012, 2015, 2017, 2019 жылы туылған жасөспірімдер. Тәртіп сақшылары аталған отбасыға арнайы барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық — түлік өнімдерін жеткізіп берді. – Осындай қиын — қыстау сәтте көмек көрсеткен құқық қорғау саласы мамандарына айтар алғысымыз шексіз. Жақсылықтары Алладан қайтсын!, – дейді қала тұрғыны.
Жақсылыққа жаны құмар сала өкілдері: – Қайырымдылық шарасын ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын — қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпай, бірліктің үлгісін көрсету, – дейді. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері көп балалы отбасыларға азық — түлік таратып, өз көмектерін көрсетуді дәстүрге айналдырған. Қол ұшын созған полицейлерге көп балалы отбасының отағасы наурыз мерекесімен құттықтап, мерекелік тілек айтып өзінің алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.