Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ҚАЗЫҒҰРТТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазығұрт аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тұрбат ауыл округінде оқушыларға арналған оқу дала жиынының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Ауданымыз бойынша 62 мектептің 10-сынып оқушылары осында 5 күн бойы алғашқы әскери дайындықтың қыр-сырын меңгеріп, түрлі спорттық сайыстардан күш сынасатын болады. Оқушылардың жалпы саны 862 баланы құрайды.
Атаулы салтанатты жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
— Біз еркін елміз! Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Бүгінгі шараның басты мақсаты, барлықтарыңызды болашақта Егемен елімізді қорғауға, әскери борышты өтеуге және адал қызмет етуге шақыру. Алдағы уақытта сіздерді әскер қатарынан көреміз деген үміттемін! – деп аудан әкімі өз сөзін түйіндеді.
Айта кетейік, мұндай оқу дала жаттығулары соңғы 5 жылда елдегі карантиндік және басқа да саяси ахуалдарға байланысты тоқтап қалған болатын. Биылғы жылы қайта қолға алынып отырған шараның маңыздылығы өте жоғары.
Қазіргі уақытта әлемде және көршілес елдерде көптеген әскери қақтығыстар орын алуда. Осы жағдайды ескерсек, еліміздің қарулы күштері толыққанды дайын болуы керек. Ол үшін дайындықты мектеп табалдырығынан, бүгінгідей оқу дала жаттығуларынан бастау ұтымды қадам деп есептейміз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*