Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен Сарыағаш ауданы прокуратурасының жанындағы ведомствоаралық мәжіліс болып өтті. Мәжіліске аудан прокуроры Ж.Ахметбек төрағалық етті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Мәжіліске ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, ҰҚК Сарыағаш аудандық бөлімінің басшысы, оның орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, уәкілетті мемлдекеттік органдардың басшылары қатысты.
Жиынды бастамас бұрын аудан әкімі аудан активіне ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментің Сарыағаш аудандық бөлімінің жаңа басшысы таныстырды.
Жалпы күн тәртібінде 2 мәселе талқыланды.
— Әлеуметтік шиеленіске айналуы мүмкін ошақтар картасын жүргізу жұмыстары туралы;
— Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтің жай-күйі туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары М.Байгабулов баяндап, соңынан баяндамаға тиісті ұсыныстар енгізілді.
Ал, екінші мәселе бойынша аудан прокурорының орынбасары А.Туршеков және аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтар баяндап өтті.
Мәжілісті қорытындылай келе, бірнеше мәселелер мен ұсыныстар талқыланып, тиісті басшыларға тапсырмалар берілді және хаттамаға енгізілді.