Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуде тиісті қызметкерлер азаматтарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту саласында, Қарабұлақ ауылдық округінде жер қатынастарын реттеу барысында, Мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Атап айтқанда, әр бөлім өз салалары бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясынын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қымыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бағытында тындырылған тірліктерге кеңінен тоқталды.
Бұдан бөлек, басқосу барысында аудан прокуроры Даулет Тлемисов жиынға қатысушылардың интернет алаяқтар құрбанына айналмауының және жастардың қылмыстық құқық бұзушылыққа бой алдырмауының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын соңында аудан әкімі Арман Сәбитұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу және онымен күресті күшейту керектігін жеткізді.