Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫЛМЫССЫЗ АУЫЛ ҚАТАРЫНЫҢ КӨБЕЮІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫЛМЫССЫЗ АУЫЛ ҚАТАРЫНЫҢ КӨБЕЮІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

Қазығұрт ауданында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс орын алмаған және отбасы саласындағы зорлық-зомбылық бойынша шақыртулар түспеген ауыл бар. Ол Шарбұлақ ауылы. Аталған ауылда «Ізгілікке бет бұрған ауыл» тақырыбында жиын өтті. Оған Түркістан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы А. Тастанбеков, аудан әкімі А.Исмаилов, полиция бастығы А.Серикбаев пен ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Омар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Ауқымды шарада отбасының құндылығы туралы көріністер көрсетіліп, өңірде арақ-шарап сатуға тыйым салу мәселелері айтылды. Сондай-ақ полицейлер қылмыссыз ауыл қатарының көбеюіне үлес қосуда. Қылмыстарды болдырмау бағытында тұрғындар арасында байланыс орнатып, олардың арасында қандай да бір құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын-алу шараларын жүргізуде. Яғни ішімдіктің кесірінен қылмыс болуы мүмкін екенін түсіндіріп, алаяқтық және бұзақылықтар туралы профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізуде. Соның нәтижесінде ауылда соңғы екі жылда қылмыс орын алмаған.
Шара соңында Шарбұлақ ауылдық округіне «Үлгілі ауыл» статусын беріп, осы бағытта жұмыс жасаған қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*