Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ПОЛИЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

ПОЛИЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы басшылығының қолдауымен білікті мамандар қатарын толықтыру мақсатында жастармен кездесулер өткізілуде. Бұл жолы жылы жүздесу Түркістан облысында жалғасты.
Мұнда білім ошақтары мен колледждерде білім алатын жастардың академияға оқуға түсу мүмкіндіктері жайлы және кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Шарада полиция полковнигі Қанатбек Тілеубердиев, полиция полковнигі Айболат Маймақов және Түркістан қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әділ Бақашбаев Түркістан қаласында орналасқан Ататүрік, М.Мәметова, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептерінің 100-ге жуық білім алушыларына кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді.
–Полиция қызметкерінің міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық құқықтарын қорғау. Жыл сайын полиция қызметінің беделі артып, халықтың құқық қорғау органдары саласының қызметкерлеріне деген көзқарасы оң нәтиже беруде, – деді полиция полковнигі Қ. Тілеубердиев.
Жиналыс барысында академияның оқу бағдарламасымен танысқан оқушылар полицияда қызмет ету перспективасы, оқу сапасы туралы өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ тағылымы мол жүздесу үшін полиция ағаларына алғыстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*