Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » Полиция “Террористік тұрғыдан осал объектілер” тақырыбында жиын өткізді

Полиция “Террористік тұрғыдан осал объектілер” тақырыбында жиын өткізді

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Серікбаевтың төрағалығымен маңызды жиын өтті. Оған аудан кәсіпкерлері, денсаулық сақтау және білім ордаларының қызметкерлері қатысты,  деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Аталмыш шарада сөз алған полиция подполковнигі А.Серікбев террористік тұрғыдан осал обьектілердің, оның ішінде ірі сауда орталықтарының, қоғамдық тамақтану нысандарының терроризмге қарсы қорғауды, бақылауды ұйымдастыру бағытын түсіндіріп өтті.
Ірі нысандарға бейнебақылау жүйелерін, дабыл қағу батырмаларын полиция бөліміне орталықтандырумен ғана шектелмей, замануи өрт сөндіру құрылғыларын, қосалқы шығу есіктерін орнатуды міндеттеді.
Сонымен қатар алдағы уақытта тиісті мамандармен бірлесе мекемелер тексеріліп, қатаң бақылауда болатынын ескертті.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*