Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ «ДЕЛДАЛДАРДЫҢ» ЖОСЫҚСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ «ДЕЛДАЛДАРДЫҢ» ЖОСЫҚСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

Жиі жағдайда тауарлар мен қызметтер сатып алатын уақытта азаматтар қызметтері үшін ақы алатын «көмекшілердің» көмегіне жүгінеді. Кейбіреулер қызметтерді алу үшін өтініш беру ережелерін зерделеуге мүмкіндігі болмайтын кезде уақытын үнемдеу үшін және қажетті құжаттарды жылдам әрі сапалы дайындау үшін білікті маманды жалдау оңайға түсетін жағдайларда көмекке жүгінеді. Егер аталған қызметтердің ақысы орынды болып, расында да білікті көмек көрсетілсе, мұндай іс-әрекеттердің дұрыс болғаны сөзсіз. Алайда, өкінішке орай, басқаша да болуы мүмкін.
Соңғы жылдары сақтандыру нарығында жосықсыз «көмекшілердің» қызметі кеңінен танымал болып келеді. Көбінесе «көмекшілер» азаматтар жол-көлік оқиғалары кезінде міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін алуы қажет болатын жағдайда туындайды. Әдетте олардың әрекеттерінің мәні сақтандыру төлемдерін алуда «делдалдық» қызметтер көрсету болып табылады. Ал шын мәнінде «көмекшілер» іс жүзінде заңды немесе консультациялық қызметтер көрсетпей, азаматтарды жаңылыстырып, заң бойынша пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінің жартысына дейін өздеріне алып алады. Азаматтардың сенімін пайдалана отырып, жосықсыз «көмекшілер» азаматтардың есебінен байиды. Бұл ретте мұндай жосықсыз қызметтер жеңіл ақша табудың жолға қойылған схемасына айналған және заңсыз төлемдерін толық алмаған адамдардың саны жыл санап өсіп келеді. Нәтижесінде «көмекшілердің» қызметі азаматтарға материалдық зиян келтіріп қана қоймай, сондай-ақ сақтандыруға деген сенімді азайтады, себебі «көмекшілер» олардың көмегінсіз сақтандыру төлемін алу мүмкін болмайтындай түсінік қалыптастырады.
Адам өліміне әкелетін ЖКО-дан кейін «көмекшілердің» зардап шеккен адамның туыстарына хабарласып, сақтандыру компаниясынан ақша алуға көмектесетіндері туралы уәде беретін жағдайлар да жиі кездеседі. Мәселен, егер ЖКО-да қаза тапқан адамның асырауында балалары немесе ата-аналары болса, Заң бойынша оларға 2000 АЕК немесе 6,9 млн теңге (2023 жылға арналған АЕК — 3 450 теңге) мөлшерінде сақтандыру төлемі тиесілі. «Көмекшілер» туыстарының ауыр моральдық жағдайын пайдалана отырып, олармен шарт жасасады және сақтандыру төлемін алуға сенімхат ресімдейді. Бұл жағдайда делдалдық қызметтер зардап шеккен адамның туыстарынан сақтандыру компаниясына құжаттарды беруге дейін барады. «Көмекшілер» сомасының жартысын немесе одан да көп бөлігін өзіне қалдырады, бұл көрсетілген қызметтер көлеміне пропорционалды емес төлем болып табылады.
Сақтандыру төлемін алу процесін жеңілдету мақсатында 2022 жылы заңнамалық өзгерістер енгізілді, оған сәйкес сақтандыру төлемін алу үшін барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде пайда алушылар бойынша мәліметтерді мемлекеттік органдардан электрондық деректермен алмасу арқылы СБДҚ арқылы қашықтан алуға болады. Бұл сақтандыру ұйымдарына қайтыс болған адамның асырауындағы адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдауға, қажетті құжаттарды жинауға көмектесуге және оларға тікелей сақтандыру төлемін төлеуге мүмкіндік береді. Сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерін жүзеге асырғаны үшін комиссиялар мен алымдар көзделмегенін атап өтеміз.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру ұйымы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті екендігіне азаматтардың назарын аударамыз. Адам өліміне әкелетін ЖКО кезінде қайтыс болған адамның асырауындағы адамдардың: оның асырауындағы балаларының немесе туыстарының зардап шеккен адамның қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның біржолғы төлем алуға құқығы бар.
Зардап шеккен адамның өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін 2023 жылға заңнамалық түрде сақтандыру төлемдерінің мынадай мөлшері белгіленген:
қаза табу – 2000 АЕК — 6 900 000 теңге;
мүгедектің:
— бірінші тобы белгіленсе– 1600 АЕК — 5 520 000 теңге;
— екінші тобы белгіленсе – 1200 АЕК – 4 140 000 теңге;
— үшінші тобы белгіленсе – 500 АЕК – 1 725 000 теңге;
— мүгедектігі бар балаға – 1 000 АЕК – 3 450 000 теңге;
мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де зақымдануына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300 АЕК аспауға тиіс (1 035 000 теңгеден аспауға тиіс).
Тиісті сақтандыру өтемін алу үшін қандай да бір делдалдардың болуы талап етілмейді. Зардап шеккен адамның жақын туыстары оның жауапкершілігі сақтандырылған сақтандыру ұйымына немесе ЖКО-ға кінәлі адамның сақтандыру ұйымына жүгінуі қажет.
Егер зардап шеккен адамның туыстары зардап шеккен адамның немесе кінәлі адамның қандай сақтандыру ұйымында сақтандырылғанын білмесе, онда ақпаратты Сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордан (СЖБД) www.mkb.kz сайты арқылы немесе тікелей «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-қа мына мекенжай бойынша өтініш білдіру арқылы алуға болады: Алматы қ., Айтеке би көш., 67, тел: 8 (727) 352-75-70.
Агенттік сақ болуды, өз мүдделерін қорғауды және сақтандыру төлемдерін алу үшін тікелей сақтандыру ұйымдарына жүгінуді сұрайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*