Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » «ТАЗАЛЫҚ» іс-шарасында бір тәулікте 87 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«ТАЗАЛЫҚ» іс-шарасында бір тәулікте 87 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«ТАЗАЛЫҚ» жедел-профилактикалық іс-шарасында бір тәулікте 87 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Сауран ауданының аумағында «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – аудан көлемінде тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Сауран ауданы аумағында өткізіліп жатқан «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қоршаған ортаны ластаған құқық бұзушы тұлғаларға қатысты 87 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзілді.
Оның ішінде қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша-28, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру-25 және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша-34 әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*