Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ЭКСКУРСИЯ ӨТКІЗДІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ЭКСКУРСИЯ ӨТКІЗДІ

Жетісай ауданының полицейлері мектеп оқушылары үшін «Қылмыстық жауапкершілік» атты танымдық экскурсия ұйымдастырды. Учаскелік полиция инспекторы Бекмырза Абдурахманов мектеп оқушыларына полиция қызметкерлерінің күнделікті азаматтардың құқық пен бостандығын қорғау барысында қандай үлкен іс-шаралар атқаратынын сондай-ақ қызмет барысында өз өмірін қауіпке қоятын кездерде болатынын түсіндіріп берді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Шара барысында жасөспірімдер уақытша ұстау изоляторымен, криминалистер мен басқа да полиция қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерімен танысып, қылмыскерлерді құрықтау кезінде болатын іс-әрекеттер мен Қылмыстық кодексте қарастырылған баптар туралы маңызды мағұлматтар алды.
Экскурсия соңында оқушылар полицейлерге әсерлі саяхат сыйлағаны үшін алғыстарын жаудырды. Ал, полицейлер өз кезегінде жастарды тәртіпті болуға шақырып, оқуда озат болуларына тілектестік білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*