Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗ ҚАУІПСІЗДІКТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗ ҚАУІПСІЗДІКТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысы полиция департаменті Созақ ауданы полицейлерінің қатысуымен Шолаққорған ауылындағы №14 Т.Әлімқұлов интернат-лицейінің 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналып отырған, жастар арасында деструктивті діни идеялардың таралуына жол бермеу, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың оның ішінде, “Әлімжеттік, бопсалау, қорқыту, бұзақылық, қарақшылық, тонау, вандализм, ұрлық, алаяқтық, нашақорлық, лудомания қылмыстарының және зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алуды мақсат еткен жиында мазмұнды бағыттағы пікір алмасулар орын алды.
Полиция капитандары Данияр Ыбыраш және Рахат Уәлиева, сонымен қатар Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Қосмаханов және Жастар ресурстық орталығының маманы Ниязәліқызы Ләйла қатысқан бұл шарада жастар өз ойларын ашық ортаға салып, аталған тақырып бойынша құқықбұзушықтардың орын алу себептері мен алдын алу бағыттарын да ұсынды.
Кездесу барысында оқушыларға тақырыптарға сай бейне роликтер көрсетіліп, кең ауқымда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кері байланыстар жасалды.
Құрметті ата-ана!
Жасөспірім, кәмелетке толмаған балаларыңызға бақылау және қадағалау жұмыстарын қатаңдатуларыңызды, сонлдай ақ жазғы демалыс мезгілінде өз бақылауыңызға алып қадағалауды сұранамыз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*