Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » АЛАЯҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ТҰРҒЫН ПОЛИЦИЯҒА КӨРСЕТКЕН КӨМЕГІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

АЛАЯҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ТҰРҒЫН ПОЛИЦИЯҒА КӨРСЕТКЕН КӨМЕГІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

Түлкібас ауданы полиция бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Жанарыс Исметовке жергілікті жердің тұрғыны алаяқтық қылмысын анықтау барысында көрсеткен кәсібилігі мен жауаптылығы үшін алғысын білдірді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу онлайн несие алып, 800 мың теңгеден астам шығын келтірген. Бір айдан соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтап, көмек берулерін сұрады.
Аталмыш факті бойынша іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ізін суытпай күдікті ретінде 21 жастағы жас қыз анықталды.
Қылмыскерді дер кезінде анықтап, істі сотқа жолдап, заң аясында қаражатын қайтаруға көмегін көрсеткен тергеуші Жанарыс Илесұлына аудан тұрғыны риясыз алғысын жаудырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*