Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРОРРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРОРРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаменті Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне облыстық дін істері басқармасы тарапынан «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған шараға полиция подполковнигі Нурлан Жалменов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Д.Аманов, Шардара аудандық әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің маманы А.Данияров пен Ж.Муталиев қатысты.

Түркістан облысы Полиция департаменті Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне облыстық дін істері басқармасы тарапынан «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Аталған шараға полиция подполковнигі Нурлан Жалменов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Д.Аманов, Шардара аудандық әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің маманы А.Данияров пен Ж.Муталиев қатысты.
Қазіргі кезеңде дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын экстремизм мен терроризм мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне және қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен қысым орнатуда. Діни экстремизмнің басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе озбырлықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе күш қолдана отырып шақырумен байланысты қысым көрсету, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану.
Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің қорқыту, үркіту, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизмнің кең мағынасындағы ұғымы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру. Латын тілінен аударғанда «қорқыныш, үрей» деген мағынаны білдіретін «терроризм» – экстремизмнің асқынған көрінісі…

Терроризм зорлықтың аса қатыгез, үрейлі түрлері мен әдістерін пайдаланып, саяси мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Террористік актілердің салдарынан адамдар жаппай қырылып, бұқара халықтың басым бөлігі психологиялық қысым көреді, материалдық және рухани құндылықтар қирап, зардаптары кейде қалпына келмейтін деңгейге жетеді. Мемлекеттер арасында түсініспеушілік туындап, соның салдарынан соғыс оты тұтанады, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен өшпенділік пайда болады. Түрлі қылмыстық топтар мемлекеттік билікке ықпал ету не күйрету үшін террорлық актілерді жүзеге асырады.
Терроризм – қазіргі жаһандану қатерлерінің бірі, ауқымдылығы мен жиілігі, адамзатқа қаупі мен қаталдығы тұрғысынан ол әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды.
Аталған тақырып төңірегінде қазіргі таңда белең алып отырған жат діни бағыттарға жастардың бой алдыруы және осы салада құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жайы талқыланды.

Аталған тақырып төңірегінде қазіргі таңда белең алып отырған жат діни бағыттарға жастардың бой алдыруы және осы салада құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жайы талқыланды.

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.

Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал. Әлемде болып жатқан жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе діни экстремизм өте үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрлерінен айырмашылығы, мемлекеттік құрылымдарды күшпен өзгертуге және билікті жаулап алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға қарсы адамдардың діни ілімдері мен символдарын маңызды фактор ретінде пайдалана отырып, сенім мен діни наным үшін аяусыз күресуге бағытталады.

Қазіргі таңда, «терроризм» мәнінің әмбебап анықтамасы жоқ. Барлығына мәлім, терроризм экстремизммен тығыз байланысты, яғни, экстремизм терроризмнің бір бөлігі болып табылады. Демек, «экстремизм» тұжырымдамасын алдын-ала қарастырмай, «терроризм» ұғымының мәнін ашу мүмкін емес.

Жалпы термин ретінде «экстремизм» қазіргі заманғы саясаттың белсенді айналымына жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана енгізілді. 2003 жылы ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) анықтағандай, «экстремизм» – бұл парламенттік демократия принциптерін тікелей немесе жанама түрде қабылдамайтын саяси қызметтің нысаны.

Экстремизм мен терроризмнің танытуы адам өмірінің жойылуына, инфрақұрылымның, рухани, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеледі. Бұл жағдайда көбінесе жазықсыз, кездейсоқ адамдар құрбан болады. Теориялық актілер адамдардың психикасына зиян келтіреді, оларды қорқытады. Сонымен қатар, терроризм экономикаға, өнеркәсіптік – сауда байланыстарына зиян келтіреді, елдегі жағдайды тұрақсыздандырады.Адамдар бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүргісі келеді. Мемлекеттің дамуы үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік қажет. Терроризм мен экстремизмге әлемдік қауымдастық қарсы тұр. Қазақстан да ерекшелік емес.

1999 жылдың шілдесінде «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 және 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары бекітілді. 2023 жылғы 23 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Е.Сағымбаевтың басшылығымен ҚР Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті. 2023-2025 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыру бойынша сұрақтар талқыланды. Бұл құжат Мемлекеттік бағдарламаның логикалық жалғасы болып табылады және еліміздің тұрақтылығына төнген жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы тұруға бағытталған.

Экстремизм мен терроризммен күрес күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе. Экстремизмге қарсы тұратын руханият деп айтсақ артық болмас. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіре алып қана түбегейлі діни экстремизмнің де, терроризмнің де тамырына балта шаба аламыз.

Терроризм проблемасын шешудің күш қолдану әдістері террорлық актіні жасаудың нақты қаупін тек уақытша жоя алады. Қабылданатын мұндай шаралар әрқашан да толыққанды және тиімді бола бермейді. Негізгі тіректі терроризмге алғышарттарды, тарату себептерін бейтараптандыруға жасау қажет. Біздің ойымызша, экстремизм қауіптерін ескерту және алдын алу бойынша жұмыс жасаған кезде адамдардың әртүрлі діни сенімдерге төзімділік және бейбіт өмір сүру идеясын белсенді насихаттау болып табылады.  Осылайша, ұлттық қауіпсіздік органдарына осы құқықты беру экстремистік және террористік құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге бағытталған болжамдалған нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*