Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗ ҚАУІПСІЗДІКТЕРІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРІЛДІ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗ ҚАУІПСІЗДІКТЕРІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРІЛДІ

Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналған, жастар арасындағы деструктивті діни ағым идеяларының таралуына жол бермеу бағытында, дін саласындағы ақпараттарды түсіндіру, әрі жасөспірімдерге қатысты немесе олардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Созақ ауданында ауқымды іс-шаралар өткізілуде, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Соның бірі Шолаққорған ауылындағы Т.Әлімқұлов атындағы интернат-лицейінің 8-11 сынып оқушыларымен кездесумен жалғасты. Жиын барысында балалардың жазғы демалыс кезеңдерінде қоғамдық, ойын-сауық орындарында, су айдындарында, жаздық демалыс аймақтарындағы жүріс-тұрыс қағидалары бойынша түсіндірме жүргізілді.
Кездесуге полиция капитаны Д. Айдарұлы, полиция капитаны Р.Әмірханқызы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Қосмаханов, Жастар ресурстық орталығының маманы Л. Ниязәліқызы қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға тақырыптарға сай бейнероликтер көрсетіліп, дәріс оқылды. Жасөспірімдермен кері байланыс жасалды.
Өз кезегінде полицейлер ата-аналарға, кәмелетке толмаған балаларына қадағалау жұмыстарын қатаңдатып, жазғы мезгілде бақылауға алуды ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*