Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Болашақ  бүгіннен  басталатыны баршамызға аян. Сондықтан  заманымыздың ертеңін жасайтын, жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, қазіргі қоғам дерті – жемқорлық пен сыбайластықтан таза тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі  ұстаздардың басты назарындағы міндеттердің бірі.

«Баланы — жастан » деп ата – бабаларымыз бекер айтпаған, баланы жас кезінен жақсы  мен жаманды айыруға үйрету жақсы нәтиже береді. Бала өзінен үлкен адамдардың  сөйлеген сөзіне, жасаған қылығындағы барлық дұрыс-бұрысты бойына тез сіңіріп алады. Үйдегі тәрбие, мектептегі таным – оқушыны қалыптастыратын басты құрал екенін үнемі назарда алып жүргеніміз жөн.

Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Ол тыйылмай елдің гүлденуі мүмкін емес.

Үнемі айтылып жүретін  «Балам дейтін ел болмаса , елім дейтін бала қайдан болсын» деген керемет даналық сөз бар , балаларымызды тазалық пен адалдыққа казірден тәрбиелесек , ертенгі күні сол ізгі  қасиеттерді бізге қайтаратын болады. Жас ұрпаққа мектеп қабырғасында беріліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстары адал, өз ісіне берік , жауапкершілігі мықты азаматтарды қалыптастыратынына сенімім мол және бұл жұмыстар үздіксіз жалғасын табады деген сенімдімін.

Гулжазира ЕРИМБЕТОВА,

Жетісай ауданы «№49 «Сырдария» жалпы білім беретін

 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*