Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Сайрам ауданының полицейлері ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жас жігіттерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 4 күдікті жігіттер кешкі уақытта айыптұрақта тұрған көлігіне ұрлыққа түскен. Яғни олар көліктің алдыңғы терезесін сындырып, ішінен 2 дана акумуляторын ұрлап кеткен.
Ал ұрланған затты металл сынықтарын қабылдау пунктіне өткізіп жіберген. Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктілердің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
© Jetpisbai.kz