Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Викторовна Шишкинаны 60 жасқа толған мерейтойымен қуанышымен құттықтап, ауданның қоғамдық – саяси өміріне қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының «Алғыс хатын» табыс етті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Светлана Викторовна – аудандық славян мәдени орталығының басшысы, кітапханалар жүйесінің директоры қызметінде білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту мақсатында еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты нығайту мақсатында көптеген мәдени іс-шаралардың бастамашысы, игі істердің ұйытқысы болып келеді.
«Аудан аумағындағы іс-шараларға белсенді атсалысып, өнер айдынында аймақ абыройын асқақтатып жүрген жетістігіңізді мақтан тұтамыз. Көпұлтты халқымыздың ынтымағын байланыстырып, ұлттар мен ұлыстар арасындағы арасындағы достық пен өзара түсіністікті дамытуға қосқан үлесіңізге алғысымды білдіремін», деді құттықтау сөзінде Сержан Дауылбайұлы.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Мерекелік құттықтауға арналған кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының басшысы Есімхан Айтжанов Светлана Шишкинаны мерейлі жасымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*