Aудан әкімі Азат Оралбаев аудан орталығындағы А.Иманов жалпы орта мектебінің соңғы қоңырау шарасына қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сыңғырла күміс қоңырау» тақырыбында ұйымдастырылған салтанатты жиында аудан басшысы оқушылар мен түлектерді, ұстаздарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Қадірлі ұстаздар!
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауданымызда 2023-2024 оқу жылында 35 мыңнан астам (35521) оқушы білім алды. Оның 2 мыңнан астамы (2112) 11 сыныпты бітіріп, үлкен өмірге жолдама алып отыр.
Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектердің 80-і Алтын белгіге, 215-і үздік аттестатқа үміткер болып отыр.
Құрметті түлектер!
Сіздер осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып осы мектептің табалдырығын аттаған едіңіздер. Бүгін білім ұясынан таудай болып үлкен өмірге қадам басқалы тұрсыздар.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандыруда.
Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Ол-Ұлттық біріңғай тестілеу. Аталған тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін!
Осы орайда өздеріңізге сәттілік тілегім келеді. Жолдарыңыз ашық болсын!
Ал, ұстаздар қауымына зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті бола берсін!
Сонымен қатар, аудан әкімі өңірдегі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.
Биыл аудан бойынша 4 мектептің құрылысы жүргізіліп, 1 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына, мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға түрлі пән кабинет бюджет есебінен берілуде.
Салтанатты шара барысында өнерлі түлектер мен оқушылар ән-биден шашу шашты.
© Jetpisbai.kz