Республика бойынша барлық өңірлерде оқу жылының аяқталып, соңғы қоңырау соғылуына байланысты мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде Қазығұрт ауданында да бұл мерекелер жоғары деңгейде өткізілуде.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов аудан орталығында орналасқан «Тұрар Рысқұлов» атындағы мектеп-лицейіне арнайы барып, «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мерекелік іс-шараға қатысты. Жиында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, оқуда озат атанған, алтын белгіге үміткер бірнеше түлектерді, білім саласына елеулі үлес қосып, жүзден жүйрік, бәсекеге қабілетті, білімді оқушылар тәрбиелеп жүрген бірнеше ұстаздарды арнайы Алғыс хаттар және бағалы сертификаттармен марапаттады.
Іс-шара аяқталғаннан соң мектеп ғимаратын аралап, оқушылардың арнайы дайындаған көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектермен жүздесті.
© Jetpisbai.kz