Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТАҒЫДА БІР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТАҒЫДА БІР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Мұқтаж жанға көмек беру, қайырымдылық жасау — ата-бабамыздан бізге мұра болып қалған асыл қасиет. Осындай игі қасиеттерінен таймаған түлкібастық түлектер тағы да бір отбасыны қуанышқа бөледі, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 8 человек
Естеріңізде болса осыдан 7 жыл бұрын елімізде алғашқы болып Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінің мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектері тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүрген көпбалалы отбасыға үй сыйлаған болатын. Игі дәстүрді кейінгі түлектерде жалғастырып, бүгін міне аталған Абай атындағы білім ошағы мен Б.Садықов және Ломоносов мектебінің 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері қосылып тағыда бір мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі қорасы мен сарайы қарастырылған баспана сыйлап отыр. Ортадан 10 млн. теңгеден астам қаражат жинап, соның 9 млн.теңгесіне үй алып оны толық жөндеуден өткізіп, ішін қажетті жиһаз-техникалармен жабдықтап беріп отыр.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Сауапты істі ұран қылған түлкібастықтар сол үйдің ауласында құдайы ас беріп, Абдулаевтар отбасына табыстады. Жас отбасы осы кезге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.
Игі шараға аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен округ әкімі Қ.Ахметов, ардагер ұстаздар мен аталған білім ордаларын бітірген түлектер сөз сөйлеп, баспаналы болған жас отбасыға ыстық лебіздерін білдірді. Ауданымыздың бас имамы Серік Мағазы да сауапты іске мұрындық болған жандарға ризашылығын білдіріп, өмірден өткен түлектердің сыныптастарының рухына құран бағыштады.
Возможно, это изображение ‎6 человек, кларнет и ‎текст «‎海 A6aй, Kypaлaй, ЛomoHc.o θήάε 2004 жblл4bl nyлeTeρй की 20 3Aep! uakman cTaH ypblHKллa ИKииbl.cblpblи #Kabl cblpblH myp TypoлapK oлap kay 00ា ح‎»‎‎
Шара соңында дәстүр бойынша 2004 жылғы мектеп түлектері эстафетаны 2005 жылғы түлектерге табыстады.
Осылайша киелі құт мекенде көпшілікке үлгі боларлықтай игі істер өз жалғасын табуда.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*