Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Eліміздегі барлық білім ордаларында соңғы қоңырау соғылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 5 человек
Осы орайда, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, қалалық Білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков С.Адамбеков атындағы мектепте өткен Соңғы қоңырау салтанатты шарасына қатысты. Мектеп түлектері мен ұстаздар және ата-аналар қауымы қатысқан жиын білім ауласындағы ашық аспан аясында ұйымдастырылды.
Шара барысында әкім орынбасары бітіруші тілектерге сәт-сапар тілеп, ұстаздар мен ата-аналарының үмітін ақтайды деп сенім білдірсе, қалалық білім бөлімі басшысы түлектерге алдағы уақытта өз білімдерін жоғары оқу орындарында шыңдай түсіп, әлемнің белді-белді оқу орындарында білім алуларына ақ жол тілеп, оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Жиын аясында озат оқушылар мен мақтаулы ұстаздар құрметке бөленіп, қала әкімінің Алғыс хатымен және Грамоталармен марапаттады.
Әрі қарай мектеп оқушылары мен бұрын бітірген 10 жылдық, 20 жылдық түлектері ізгі тілектерін айтып, мектеп өнерпаздары әннен шашу шашты. Бітіруші түлектер «қоштасу вальсін» орындап, соңғы қоңырау соғылды. Оқушылардың бір легі үш айлық каникулға өтсе, бітіруші сыныптар 11 жыл оқыған мектеппен қимастықпен қоштасты. Сәт-сапар жас түлек!
Возможно, это изображение 9 человек, кларнет и текст
Айта кетейік, қаламызда және ауылдық округтерді қосқанда жалпы 39 білім ордасы бар. Биылғы 2023-2024 оқу жылында 1-11-сыныптарда 18435 оқушы оқу жылын аяқтап отыр. Оның ішінде 1120 түлек мектеп бітіруде. 55 түлегіміз «Алтын белгіге» үміткер болса, 114 оқушы – «үздік аттестатқа» ұсынылып отыр.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*