Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУДАНДАҒЫ БАРЛЫҚ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДА 11 СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

АУДАНДАҒЫ БАРЛЫҚ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДА 11 СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, аудандағы барлық білім беру ұйымдарында қоңырау үні соғылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Бітіруші түлектерді арман биіктеріне ұшырып, өмір мектебіне шығарып салды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығындағы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты шараға қатысып, барлық ұстаздар мен оқушыларды және олардың ата-аналарын білім жылының аяқталуымен құттықтады.
— Міне, бүгін тағы бір оқу жылын сәтті аяқтап отырмыз. Бәріміз де мектеп табалдырығын аттап, білім алдық. Өз баласын ұмытып, өзгенің баласы үшін уақыттарын сарп еткен ұстаздардың алдынан өттік. Сондықтан біздің әрбіріміз үшін мектеп атты алтын ұя саналатын білім ошағының орны бөлек. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі ұшан теңіз. Қашанда Сіздерге сенім артқан ұлағатты ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың үмітін ақтайсыздар деген сенімдемін. Баршаңызға жақсылық, амандық, елімізге тыныштық тілеймін,-деген аудан басшысы мектеп оқушылары бос уақытын тиімді пайдалану мен білім сапасын арттыру мақсатында қолға алынған жобаларға тоқталып өтті. Сондай-ақ, мектеп бітіруші түлектерге үлкен үміт артатынын жеткізді. Білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтті. Оқу жылында жетістікке жеткен ұстаздарды алғыс хатпен марапаттап, құрмет көрсетті. 11-сынып түлектерінің әрбір сыныбына жеке дара тоқталып, естелік суретке түсті. Болашаққа қадам басып жатқан жаңа өмірлеріне сәттілік тіледі.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінен түлеп ұшқан 20 жылдық пен 40 жылдық түлектер өздерінің білім ордасына деген сағыныштарын жеткізді. Мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындатқан ардагер ұстаздарға деген жылы лебіздерін арнады. Мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын тарту етіп, соңғы қоңырау үні соғылды.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында аудан мектептерінде 974 оқушы жаңа өмірге қадам басты. 62 оқушы Алтын белгіге үміткер атанса, 235 оқушы Үздік аттестатқа үміткер атануда. Сонымен қатар, 9 сыныпты тәмәмдаған 150 оқушы Үздік аттестатқа үміткер ретінде ұсынылып отыр.
Возможно, это изображение 15 человек и текст
Бұған қоса жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық білім мекемелерінде мектеп жанындағы лагерьлер 1 маусымнан бастап өз жұмыстарын бастайды. Ал қала сыртындағы лагерьге аудан мектептерінен 1000 баланы тегін демалдыру жоспарлануда.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*