Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » НАУРЫЗ — ДУМАН ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ НҰСҚАДА ҰСЫНЫЛАДЫ

НАУРЫЗ — ДУМАН ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ НҰСҚАДА ҰСЫНЫЛАДЫ

Шымкент қаласында биылғы наурыз мерекесі телевизиялық нұсқада ұсынылмақ.
Еліміздегі эпедемиологиялық ахуалға байланысты Шымкентте Наурыз мерекесі жаппай тойланбайды. Осыған орай «Жыл басы — әз Наурыз» думанды іс-шарасы тек телевизиялық нұсқада ұсынылады (уақыты қосымша хабарланады).
21-нен 22-не қараған түні «Наурыз белгісі» саналатын Қыдыр баба, Жер ана секілді кейіпкерлер ЖАҢА ЖЫЛДЫ, яғни жаңа күннің шығуын қарсы алады. Мерекелік қойылым, ән-би барлығы арнайы түсіріліп, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында теледидардан көрсетіледі.
«Жыл басы-Әз Наурыз» мерекесінің арнайы түсіріліміне дайындық жұмыстары Ескі қалашық (Цитадель) жанында бой көтеріп келе жатқан «Шымқала — этно ауыл» атты жаңа құрылыс аумағында атқарылуда. Жаңа нысан құрылысы аяқталғаннан кейін ел игіліне беріледі.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Мереке кезінде карантин талаптарын сақтап, қарапайым сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.
Баршаңызға мереке құтты болсын!
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*