Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ОҢТҮСТІК ҰЛАНДЫҚТАР ШЫМКЕНТТЕ АТЫС ШЕБЕРЛІГІН КӨРСЕТТІ

ОҢТҮСТІК ҰЛАНДЫҚТАР ШЫМКЕНТТЕ АТЫС ШЕБЕРЛІГІН КӨРСЕТТІ

Шымкентте 6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу орталығының базасында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік қарудан ату бойынша жеке-командалық біріншілігі өтті.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы подполковник Салауат Төреғалиевтің басшылығымен өткен жарысқа Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Талдықорған қалаларынан Ұлттық ұланның 50-ден астам әскери қызметшісі қатысты. Сондай-ақ, сайыста атыс қаруын ату дағдыларын әйел әскери қызметшілер де көрсетті.
Жаттығулар Макаров тапаншасынан, Калашников автоматынан және Драгуновтың мергендік винтовкасынан орындалды. Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша бірінші жалпы командалық орынды 5547 әскери бөлімінің командасы (Қызылорда қ.), екінші орынды 5513 әскери бөлімінің командасы (Тараз қ.) және үшінші орынды 6698 әскери бөлімінің командасы (Шымкент қ.) иеленді.
Жарыстың жабылу салтанатында Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников барлық қатысушыларды оның аяқталуымен құттықтап, ұландықтардың атыс дайындығын жетілдіру үшін осындай іс-шаралардың ерекше маңыздылығын атап өтті.
— «Бұл жарыстар әскери қызметшілерге өздерінің дағдылары мен кәсібиліктерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, Ұлттық ұланның жауынгерлік дайындығын нығайтуға септігін тигізді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын. Сіздерге спорттық және әскери жетістіктер тілеймін. Біз қаруды тек оқу мақсатында қолданамыз деп үміттенемін», — деді Павел Александрович.
Жеке және командалық сынақтар бойынша үздіктер кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, олардың қатарынан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы құрылып, алдағы уақытта республикалық жарыстарда оңтүстік өңірдің атынан шығатын болады.
Сонымен қатар, жиын бастығы подполковник Қуаныш Ордабаев мұндай жаттығулар жауынгерлік дағдыларды пысықтауға ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрақтылықты, кез келген жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. — Жас толыммен далалық сабақтарды өткізу «алғашқы әскери дайындық» курсының соңғы кезеңі болып табылады. Ант қабылдағанға дейін бір ай ішінде олар әскери істің негіздерін игерді: әскери жарғыларды, инженерлік және бастапқы медициналық дайындық негіздерін зерделеп, жалпы әскери пәндер бойынша сабақтар өтті. Бұл курс жас сарбаздарға одан әрі қызметке, тәртіпке бейімделуге, дене дайындығы мен саптық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі, – деп қорытындылады подполковник Қуаныш Ордабаев. Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызметшілер әскери ант қабылдайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*