Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте қала әкімі қытай инвесторларымен кездесті

Шымкентте қала әкімі қытай инвесторларымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың «Beijing Hongfu Group» өнеркәсіптік холдингінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Қытайдан келген инвесторлар қаламызда қайталама мұнай өнімдерін терең өңдеу арқылы каталитикалық крекинг қондырғысы бар ине кокс өндіретін жоғары технологиялық зауыт салуға ниет білдірді. Ұсынылып отырған тікелей инвестицияның жалпы көлемі шамамен 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Айта кетерлігі, инвестициялық жобаны жүзеге асыру 200 жаңа жұмыс орнын ашуға және қаланың түлектерін тиісті саласы бойынша жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба өңірдегі мұнай-химия өнімдерін терең өңдеудің өнеркәсіптік құрылымын жақсартуға бағытталып отыр. Кездесу барысында қала әкімі қытайлық компанияға Шымкент қаласына ықылас танытқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, бірлескен жобаны жүзеге асыру барысында әкімшілік тараптан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Айта кетейік, Венгрия Республикасының Бас Консулы Саболч Карой Cёке және консулдықтың коммерциялық атташесі Тибор Иштван Ковач Шымкент қаласына келді. Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында мәртебелі қонақтарды Өңірлік кеңестің Төрағасы Қайрат Молдасейітов, Палата директоры Сабира Адамбекова, директордың орынбасары Мақсат Өткелбаев күтіп алды. Кездесуде Қазақстан мен Венгрия арасындағы өзара байланыс, оның ішінде іскерлік әріптестік жайы талқыланды.
Оған қоса мәдениет және білім беру салаларындағы әріптестікті дамыту туралы сөз болды. Атап айтқанда Бас Консул Саболч Карой Cёке венгриялық джаз-бендтің Шымкентте өнер көрсетуіне қызығушылық танытса, коммерциялық атташе Тибор Иштван Ковач мырза Қазақстан студенттерінде Венгрияда тегін оқуға мүмкіндік бар екенін айтып, енді венгер жастарының Қазақстанда оқуына жағдай жасауға ықпал етуді сұрады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*